Мемлекеттік тіліміз-өмірлік құндылық
Ана тіліміздің құдіретінің бірі – сан мындаған жылдар бойы халқымызға тән рухани қазынаны бойына сақтаған асыл мұрасын бүгінгі күнге жеткізген, келешек ұрпаққа жалғастыратын мұрагерлік-танымдық қызметі. Соның нәтижесінде шынайы өмірдің қыр-сыры ұлтық ұжымға тән ой таразысынан өтіп, сараптап, күнделікті тұрмыс пен өмір тәжірибесі арқылы жинақталған ақпараттар мен мәліметтер тілді тұтынушы ұлтың жанында құрылған қор ретінде тіл арқылқы қабылданады. Нақты айтқанда, адам өзінің дүниетанымын, өзіндік әлем бейнесін тілдің қызметі арқылы таңбалайды.Нақты айтқанда, адам өзінің дүниетанымын, өзіндік әлем бейнесін тілдің қызметі арқылы таңбалайды. Демек, қазақ дүниесін, қазақ әлемін жан-жақты сипаииайтын, нақты дәлелдейтін-қазақ тілі деректері. Бұл арада тілдің қызметі-этномәдени ақпаратты ұлт рухы ретінде сіңіріп, сақтаушы мұрагерлік қызмет. Сайып келгенде, осы қызмет арқылы «Тіл-ұлтты бір бүтін етіп тұтастырушы арқау» деген тұжырым елдің кешегі, бүгінгі, болашақ тарихы мен бағдарын белгілеудің өзегін құрайды. Бірақ тілдің осы ерекше қызметі кеңестік кезендегі білім жүйесінде де, отбасы тәрбиесінде де маңызды болмай, тілдің, негізінен, қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметіне баса назар аударылуы тілдің танымдық, құжаттық мінінің әлсіруіне, тіптен ұмытылуына әкеліп соқтырды. Осыдан келіп, тілдің қоғамдағы рухани тетік мәртебесіндегі мәні жоққа шығарылып, мәңгүрттік сана қалыптасуының негіздері қалыптасты. Ал қазіргі рухымыз оянып, жаңғырып жатқан тәуелсіздік кезеңінде егеменді елдің өсіп-өнген тамырын тауып, біртұтас елдігін қалыптастырып, басын біріктірген түпқазығын тану-ұлттық сананың заманауи даму деңгейне сай туындайтын рухани-әлеуметтік мүдде талабы. Себебі тәуілсіздік пен жаһандану тоғысқан қазіргі күрделі заманда тілдің ұлтты тұтастыратын негізгі құрал болуы-ата-бабадан қалған аманат іспетті. Осымен байланысты қазіргі тіл білімінде тілді зерттеудің өзі жаңа сапалық деңгейге, яғни кешенді адамтанымдық (антрополингвистикалық) сипатқа көшті. Оның негізгі ғылыми-әдістанымдық қағидасы бойынша, «ұлттық болмасын танытатын күшті құрал-ұлтық тіл» деп анықталып, тілдің табиғаты адамның мәдени-рухани, әлеуметтік, психологиялық сипаттағы қимыл әрекетімен ұштастыра қарастырылады. Соның нәтижесінде рухани-заттық төл мәдиниетіміз сөз арқылы айшықталып, тілдің ұлтты ұйытып, тұтастыратын арқау екені айқындалады.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы
Серік Даиров
[xfvalue_img]
