«Абайдан қалған асыл сөз...» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш
Бүгін Сервис және туризм колледжінде «Саналы ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Абайдан қалған асыл сөз...» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты ұлы данышпан Абайдың ойшыл шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірің танитын талапты ұрпақ тәрбиелеу, олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату болды.
Әдеби-танымдық кеште А. Құнанбаевтың қара сөздері оқылып, «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Бойы бұлғаң ...», «Көзімнің қарасы», және тағы да басқа шығармалары орындалып, ұлылық пен адамгершіліктің, имандылықтың тылсым сырларына терең бойлады.
[xfvalue_img]
1 пікір