Заң алдында бәрі тең

Заң алдында бәрі тең

Қазақстан Республикасының Ата Заңына сәйкес, ҚР демократиялық , зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет және оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады.

Сот билігі ҚР-ның атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Ал заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Ендеше, судьяның әділ төрелікті дөп басып айтуы маңызды. Осы бағыттағы сот жүйесіндегі реформалар тәуелсіз Қазақстанның Жаңа Қазақстан құру жолында әділ сот төрелігін құру үшін судьялардың жауапкершілігін, көтерер жүгін арттырады.

Конституцияға сәйкес, адам құқықтары мен бостандықтары бірдей қорғалады, оларға кепілдік беріледі және ешкім айыра алмайды. Нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталады. Соған сай, республика азаматтары құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

Азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Олардың құқықтары мен бостандықтары, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғалуға. Сонымен қатар, әр адамның құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына және білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Ата Заңымызға сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе басқа да жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Ең бастысы халықтың сот қызметіне деген сенімін нығайтып, сот құрылымына үлкен өзгеріс, оң нәтиже әкелді. Мұның барлығы заң үстемдігі тұжырымдамасы ешкімнің заңнан жоғары бола алмайтындығын, заң алдында бәрі тең екендігін айқындайды. 

Орал қалалық сотының

Бас маманы-сот отырысының хатшысы Х.Магомадова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.