«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар өміріміздің барлық саласына еніп жатыр. Мемлекеттік қызметтер де цифрландырылып, халыққа ыңғайлы түрде ұсынылуда. Солардың бірі — азаматтардың өтініштерін электронды түрде қабылдайтын «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі.

 «Е-өтініш» — бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін электронды түрде жолдап, олардың қаралу барысын бақылауына мүмкіндік беретін платформа. Бұл жүйе 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің күшіне енуіне орай іске қосылды.

Жүйенің басты мақсаты —Азаматтардың өтініш беруін жеңілдету; Өтініштерді қарау тәртібін ашық және тиімді ету; Қағазбастылықты азайту; Азамат пен мемлекеттік орган арасындағы байланыс мәдениетін арттыру.

«Е-өтініш» жүйесінің артықшылықтары:

  1. Уақтылы жауап алу: Жүйе арқылы берілген өтінішке заңда көрсетілген мерзімде жауап беріледі.
  2. Өтініштің статусын бақылау: Әрбір қолданушы өзінің өтінішінің қай деңгейде қаралып жатқанын онлайн бақылай алады.
  3. Қағаз қолданбайды: Барлық ақпарат электронды түрде сақталып, өтінішті кез келген жерден беруге болады.
  4. Өтініштерді автоматты түрде бөлу: Жүйе өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес автоматты түрде бағыттайды.
  5. Қарау мерзімін қысқарту: Мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру арқылы өтініштерді қарау мерзімі қысқарады.
  6. Өтініш берушіні хабардар ету: Өтініш беруші өтінішінің қаралу кезеңдері мен мерзімдері туралы толық ақпарат алады.
  7. Бірыңғай база: Мемлекеттік органдарға келіп түскен барлық өтініштердің бірыңғай базасы қалыптасады.
  8. Кері байланыс және бағалау: Жүйе өтініш берушімен кері байланыс орнатуға және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді

«Е-өтініш» — бұл халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, өтініштерді қараудың ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды цифрлық құрал. Бұл жүйе арқылы азаматтар өз құқықтарын қорғап, мемлекеттік органдармен тиімді және заманауи форматта байланыса алады.

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің бас маманы Уюмдасова Альмира Аскаровна

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.