Сот отырысы кезінде залдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Сот отырысы кезіндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 345-бабына және Азаматтық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес, сот процесі соттың қалыпты қызметі мен сот залына қатысып отырған барлық азаматтардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген жағдайда өтуі тиіс.
Сот процесі барысында қоғамдық тәртіп пен залдағы тыныштыққа жауапты тұлға – сот приставы. Судья немесе төрағалық етуші тараптардан, куәлардан, сондай-ақ тыңдауға қатысқысы келетін адамдардан жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуін талап етіп, тексеру жүргізуге өкім бере алады. Бұл шаралар сотқа кіретін адамдар мен олардың заттарын қауіпсіздік мақсатында тексеру үшін қажет.
Азаматтық іс жүргізу барысында негізгі міндеттердің бірі — азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, сондай-ақ заң мен сотқа деген құрметті нығайту. Осы мақсатта сотқа қатысушыларға бірыңғай тәртіп пен талаптар белгіленеді.
Сот процесі заң талаптарына сәйкес, ұйымдасқан түрде өтуі және қатысушылардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін жағдайларда жүргізілуі тиіс. ҚР Азаматтық процестік кодексінің 187-бабының 3-тармағына сай, сот отырысына қатысушылар мен басқа да азаматтар сот залындағы тәртіпті сақтауға міндетті.
Егер біреу тәртіпті бұзса, оған ескерту жасалып, қажет жағдайда сот залынан шығарылып тасталуы мүмкін. Сот процесі барысында сотқа құрмет көрсетпеу жағдайы орын алса, АПК-нің 120-бабы негізінде құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 33-тарауында қарастырылған шаралар іске асырылады.
Егер құқық бұзушының әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталса, сот бұл жөнінде қаулы шығарып, оны үш жұмыс күні ішінде тиісті тұлғаға тапсырады. Қаулыны алған тарап он күн ішінде шағым түсіруге құқылы. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты қаулы сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде дайындалады.
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының
сот приставы А.А.Битимбаев
[xfvalue_img]

4 пікір