Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары талқыланды
Ақжайық аудандық сотында мамандар арасында мемлекеттік қызметшіге қатысты әдеп нормалары бойынша отырыс өтті.
Отырыста мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез- құлық қағидалары және мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сот әкімшісінің басшысы А. Нұрым шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуды, жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдайларды болдырмау, мемлекеттік қызметте кәсіби емес қарым-қатынас жағдайларына жол бермеу қажеттігін айтып жеткізді.
Қатысушылар тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, әдеп және мінез құлық талаптары назарға алынды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]

2 пікір