Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар

Ақжайық  аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы» сақтау тақырыбында  семинар өтті.

Шара мақсаты - мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көрсетілген жалпы ережелерді, талаптарды сақтау.

Шара барысында сот әкімшісінің басшысы м.а. А.Тулегенова Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көрсетілген жалпы ережелерді, талаптарды, мемлекеттік қызметшілерге, сот қызметкерлеріне қызметтік  әдебіне жоғары талаптар қойылғанын, белгіленген қызметтік әдеп қағидаттары мен стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін бірдей екенін, қызметтік тәртіпті сақтау талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары – адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану, қарапайым болу, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, әдепсіз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау.

Осы аталған қағидаттар мен стандарттары қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету, өз міндеттеріне шынайы көзқарас, заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды  кемсітуге жол бермеу,  жұртшылықпен  жұмыс  істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтар мен әріптестерге сыпайлылық танытып дұрыс  және  құрметпен қарау, халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлана отырып әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса  көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен  ұштасқан  қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.

Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде көрсетілген заң талаптары бойынша пікір алмасып, тақырып бойынша талаптар орындауға алынды. 

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы

Ақмарал Нұрым

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.