МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЭТИКАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЭТИКАСЫ

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән беріліп отыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттерді, моральдық-адамгершілік қасиеттерді және этикалық ұстанымды көрсетуге негізделген.

Мемлекеттік қызметшілер – қоғам мен мемлекет өмірінде айрықша орын алатын азаматтар. Олар мемлекеттік билік органдарында ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, экономикалық-әлеуметтік және саяси реформаларды жүзеге асыруға үлес қосады. Сол себепті мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, моральдық-этикалық ұстанымдары, адалдығы, адамгершілік қасиеттері қоғам үшін маңызды.

Ең әуелі, мемлекеттік қызметшілердің міндеті – халық игілігі үшін адал еңбек ету. Олар ел дамуы мен халық мүддесін бірінші орынға қоюға тиіс.
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты қажет ететін сала. Егер біз мемлекеттік қызметшілердің моральдық тазалығын, жауапкершілігін және салауатты санасын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істесек, болашақта жемқорлықсыз, әділетті, әрі сенімді басқару жүйесін қалыптастыра аламыз.
Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші жауапкершілік, бастамашылдық, стресске төзімділік, парасаттылық сияқты жеке қасиеттерімен қатар қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделдік қабілеттеріне ие болуға, сондай-ақ өзін-өзі дамытумен үздіксіз айналысуға тиіс. Сондай-ақ, ол қызметті тұтынушыға және оның қол жетімді ақпаратына бағытталуы керек. Лауазымды тұлғалардың әріптестерімен әдепті мінез-құлық нормаларын, қызметтік және қызметтен тыс қарым-қатынас қағидаттарын сақтау, қоғам мен азаматтардың Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен бейтараптығына сенімділікке ие болуына ықпал етуге тиіс. 

БҚО Бөрлі аудандық соты әкімшісінің басшысы

А.Н.Оразбек

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.