Мемлекеттік тілдің маңызы!

Мемлекеттік тілдің маңызы!

Мемелкеттік тіл-бұл ең алдымен белгілі бір мемлекет конституциясының тілі, сондықтан кодификацияланған конституциясы жоқ мемлекеттерде де мемлекеттік тіл жоқ деп болжауға болады. Мемлекеттік тіл –бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып табылатын ресми, саяси, мәдени салларда белгілі бір мемлекет шеңберінде интеграциялық қызмет атқаратын тіл. Әлемде 6 мыңға жуық тіл бар, олардың 100-ден астамы ғана мемлекеттік мәртебеге ие. Мемлекеттік тілдің атқаратын қызметтерінің ауқымы және оның әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда қолданылу аясы айтарлықтай өзгеруі мүмкін, өйткені бұл белгілі бір қоғамда қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік-коммуникативтік жүйемен және тіл саясатының міндеттерімен анықталады.

Әр ұлттың тарихы мен мәдениетіне, әсіресе, оның тұлғалану болмысына қарайтын болсақ, халықтық ұлт ретінде қалыптасуына, тарихи уақыт сынынан сүрінбей өтуіне ықпал ететін құндылық ана тілі болып табылады. Алаш зиялылары айтып кеткендей, тілі мен тарихы жоғалған жұрттың өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.

Елімізде жарқын жаңа Қазақстан болып жаңа жүйеге көш бастадық! Елдегі үлкен өзгерістер көптеген нәтижелі игі істерге әкелеріне нық сеніммен қарай отырып, білімді ұрпақ ел тірегі. Қарапайым халық көп шоғырланып жүретін қоғамдық көліктерден бастайтын болсақ, мемлекеттік тілде хабарлау, қоғамдық орындарда адамдарға мемлекеттік тілде бағыт беру міне нәтиже жол бастайтын жаңа бағыттың нышаны деп білемін!

Мемлекеттік тіл - сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Тарихтан да белгілі, қандай ел болмасын бостандық алғаннан соң ең бірінші мемлекеттік тілінің мәселесін шешеді. Қазіргі әлемдік бәсеке жағдайында күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет қалыптасу керек, Сонда ғана әлемдік өркениет кеңістігінен өзіне тиесілі орынды ала алады.

Әрқашан елім деп соғар әр азамат пен азаматшаның елге деген, тілге деген құрметі мәңгі сөнбеуі керек деп білемін!

Уюмдасова Альмира Аскаровна 

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің бас маманы                                                         

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.