Мемлекеттік қызметшінің имиджі
Мемлекеттік қызметші - ол билік пен халық арасындағы өзіндік байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы — жай мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл — өзін-өзі жетілдірудің тұрақты процесі.
Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан да, кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда, жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет болу керек. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.
Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы-
сот отырысының хатшысы М.М.Кенжебаева
[xfvalue_img]