ҚАЖ қызметкерінің атасы Ұлы Отан соғысының ардагері
Ерлік пен Өрліктің үлгісі болған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің өнегелі өмірі ,тәуелсіз ел ұландарының бойында патриоттық тәрбие қалыптастырудағы сарқылмас қайнар көзі екені анық.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушы болып жұмыс жасайтын әділет кіші сержанты Несіпбаев Нүркен, өзінің азаматтық тұлғасын қалыптастыруда Ұлы Отан соғысының ардаргері нағашы атасының ерлігін мақтан тұтады. Нағашы атасы Дүрұлы Абдулла Ұлы Отан соғысы жылдары санчасқа жаралыларды тасыпты.Манчужирия шекарасында күзетте болып, елге 1949 жылы оралған.
Атам, оқ пен оттың ортасында жүріп, талай боздақтардың Отан үшін көрсеткен ерлігін, өрлігін дастан етіп айтып отыратын. Кейде ол кісі, бүгінгі жастар тоқшылықтың қадірін, бейбіт күн оңайлықпен келмегендігін жете түсіне бермейді. Ер азаматтың басты парызы Отанын қорғау дейтін. Осындай тәлімді әңгімелерді тыңдап өскен ер азамат ретінде, ең алдымен елге қызмет ету керектігі менің санамда берік қалыптасқан.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]