Әдеп кодексі - мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесі
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қоғамдық бақылау күшейіп отыр.Бүгінде түрлі әлеуметтік желілер қарапайым халық өз пікірін ашық айта алатын бірден-бір құрал болып тұр.Демек, әлеуметтік желілер арқылы қоғамның өзекті мәселелерін, көріп отыруға болады.
Мемлкеттік қызметші-биліктің айнасы, оның түр сипаты болы табылады.Әрқашан да қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылықа ала отырып, қызметін кәсіби, жоғары дәрежеде көрсете білулері тиіс.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі, ол тікелей адамдармен жұмыс істейді және әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдармен қарым-қатынас жасайды.
Өз кезегінде мемлекеттік қызметші қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасы Конститутциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты, мәдениетті болуға талпынуы тиіс.
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу соты әкімшісінің бас маманы
Уюмдасова Альмира Аскаровна
[xfvalue_img]
