Жекеше қаулының маңыздылығы » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Жекеше қаулының маңыздылығы

Жекеше қаулының маңыздылығы

Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында азаматтарға кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын және заңсыз шектелуін анықтаған, сондай-ақ ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу фактілерін және өзге де бұзушылықтарды айқындаған кезде, сот бақылауы шеңберінде оларды жою және заң бұзушылығына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы жекеше қаулы шығарады.

Тергеу судьясының жекеше қаулысы – шағымдарды, өтінішхатты және сотқа дейінгі процеске қатысты басқа да мәселелерді қарау кезінде сот шығарған жазбаша шешім. Оның мақсаты – анықталған заң бұзушылықтарды жою және келешекте олардың алдын алу. Бұл құрал сотқа дейінгі тергеп – тексеруде заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жекеше қаулылар шығару заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар алдын алу және сотқа дейінгі тергеп – тексеру, прокурорлық қадағалау қызметін жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың заңға деген құрметті көзқарасын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.

Тергеу судьясының жекеше қаулы шығару құқығы, қолданыстағы ҚПК-де, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Соттардың қылмыстық істер бойынша жекеше қаулылар шығару тәжірибесі туралы» №11 нормативтік қаулысымен реттеледі.

ҚПК-нің 56-бабының 6-бөлігіне сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады.

Жекеше қаулылардың мәні, ол азаматтардың құқықтарының сақталуының кепілі. Жекеше қаулы заңсыз ұстауды, тергеу әрекеттерінің заңдылығын тексеріп және басқа да бұзушылықтарды болдырмауға көмектеседі. Құқық қорғау органдарындағы тәртіпті арттырып, басшылыққа бағыныштылардың қызметінде проблемалар бар екендігі туралы сигнал ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар құқық қорғау қызметін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жекеше қаулы тергеу судьясының өз бастамасы бойынша немесе қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау нәтижесінде шығарылуы мүмкін. Онда заң бұзушылықтардың сипаттамасын, нақты құқықтық нормаларға сілтемелерді және оларды жою бойынша ұсыныстарды қамтитын ресми құжат түрінде ресімделеді.

Шешім қабылданғаннан кейін барлық мүдделі тұлғаларға хабарланады.

Жекеше қаулы заңды күшіне енген соң, 1 ай ішінде тиісті мекеменің басшылығымен қабылданған шаралар туралы ақпарат берілуі керек.

Жекеше қаулы, заң бұзушылықтарға жылдам әрекет етуге, оларды нақты уақытта түзетуге және қылмыстық процеске қатысушылар үшін жағымсыз салдарды азайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы заңсыз тінту немесе ұстау жағдайлары анықталған кезде тергеу судьяларының шешімдері азаматтардың құқықтарын қорғау құралына айналды. Шешім қабылданғаннан кейін тиісті органдар қызметтік тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

Тергеу судьясының жекеше қаулысы құқық қорғау органдарының қызметіне сот бақылауының құрамдас элементі болып табылады. Атқарушы билікке белгілі бір шектеулерге қарамастан, бұл институт азаматтардың құқықтарын қорғауда және қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Заманауи тәжірибе мен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар осы механизмді одан әрі дамыту қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы заң бұзушылықтармен тиімді күресуге ықпал ететінін көрсетеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, Астана қаласының тергеу судьяларымен – 133 жекеше қаулы қабылданса, 2023 жылы – 126 қабылданған, ал 2024 жылдың нәтижесі бойынша – 146 жекеше қаулы қабылданған. Жүргізілген талдау бойынша, тергеу судьялары жекеше қаулы шығару арқылы заң бұзушылықтың алдын алу бойынша жеткілікті шаралар қабылдап жатқанын көрсетті, бұл өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың санының артқанын көрсетеді.

Қылмыстық істер бойынша соттардың жекеше қаулылары заңдылықтың сақталуын, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды және қателерді түзету мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қылмыстық сот ісін жүргізудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Олардың сот төрелігіндегі атқаратын рөлі жоғары, себебі олар бұзушылықтарды жоюға көмектесіп қана қоймай, тараптардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Рахымжан Дүйсенбай 

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық тергеу сотының судьясы                       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.