Соттардың сот істерін қараудағы бұқаралық ақпарат қызметтермен байланыс жұмысы » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Соттардың сот істерін қараудағы бұқаралық ақпарат қызметтермен байланыс жұмысы

Соттардың сот істерін қараудағы бұқаралық ақпарат қызметтермен байланыс жұмысы

Соттарда сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарын ашық көрсету үшін сот органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнаған.

Сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасы, сенімі арқылы айқындалатындықтан, соттардың жұмысы халық үшін қолжетімді болуы шарт. Сот ғимаратында өткізіліп жатқан іс-шаралар көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатады.

Сот ғимаратына еркін келіп, журналистер кез келген ашық сот отырысына қатысып, әр бір БАҚ өкілі өзін мамандандыра алады.

Яғни, құқық тақырыбына қалам тербейтін баспасөз өкілдерінің заңнан хабарының болуы. Себебі, баспасөз қызметіндегілер, журналистер көбіне заң терминдерін дұрыс түсіне бермейді.

Соның нәтижесінде баспасөз беттеріне бір жақты пікір қалыптасқан мақалалар жарық көруі де мүмкін. Кейде сот шешімі шықпастан, іс жайлы БАҚ өкілдері тарапынан жаңылысу салдарынан теріс пікір тудыратын телекөрсетілімдер немесе ақпараттар жарияланып жатады. Осы олқылықтардың орын алмауы үшін бүгінгі күні қоғамдық пікір туғызған істің нүктесін қойғаннан кейін, істі қараған судья БАҚ өкілдеріне арнап брифинг, баспасөз конференцияларын сұраныс бойынша өткізуге дайын екенін осы мақала арқылы ескерте кеткім келеді.

Жұмыс жүктемесіне қарамастан судьялар тарапынан бұқара халық пен баспасөз өкілдерінің сұраған ақпараттарына толықтай жауап беруге дайын. Өйткені, құқық тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистер үшін сот процестері нақты, боямасыз ақпарат алатын жер. Сондықтан да журналистердің белгіленген заң аясында рұқсат етілген сот процестеріне кедергісіз қатысуына, қажетті ақпараттарды еркін алуына жағдай туғызу болашақта жазылатын мақаланың кіріспесіне жол ашары даусыз.

Алдағы уақытта да өзара түсіністік ахуалында жұмыс жасаудың нәтижесінде құқықтық тақырыпта жазылған мақалалар мен теле-радио бағдарламаларының санымен бірге сапасы да арта түсетіні анық.

Қазыбеков А.С. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың аға сот приставы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.