Кешегі қыз – ару, бүгінгі әйел – ана! » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Кешегі қыз – ару, бүгінгі әйел – ана!

Кешегі қыз – ару, бүгінгі әйел – ана!

«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Қандай нақты айтылған ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес. «Жәннәт – аналардың аяғының астында» деп ислам дінінде де әйелдерді ерекше құрметтеген. Өмірдің іргетасы аналардың қолымен қаланады. Ана балалардың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

Ана болмаса ақын да, батырда болмайды. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейрімді, қолы қайырымды. Халық эпосындағы Гулбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, бергі дәуірдегі Домалақ ана мен Айша бибі, ұлы Абай Құнанбаевты тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыз – әйелдердің шоқ жұлдыздай бір шоғыры. Ұлт басына күн туған замандарда ер азаматтардың жігерін жағып, жүрегіне от берген де әйелдер, қаҺарман қазақ қыздары. Адамзатқа әлемнің жарығын силаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.

Біздің халқымыз әрқашан да әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - деген халқымыз. Сондықтан да, ақ жаулықты аналарымыз бен қаракөз қарындастарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол бақыт, шаттық, денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Март Сезхан                   

Астана қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы                                     

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.