МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ОҢ БЕЙНЕСІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖҮЙЕ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ОҢ БЕЙНЕСІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖҮЙЕ

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауда басты әдістемелік құрал болып табылатын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен әзірленген «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығының (pocketbook) электронды нұсқасы әрбір мемлекеттік қызметшіге тапсырылған. Аталмыш нұсқаулықта мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытындағы және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған. Жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқау ұсынылған және олардың практикасында бейәдеп мінез-құлық фактілерінің ең көп тараған түрлері келтірілген. Бұдан басқа, осы жұмыста мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін, мемлекеттік қызметшілердің жеке қасиетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген.     

Мұнда лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормалары, олардың әріптестерімен өзара қарым-қатынасы мен қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттары қарастырылған мысалдар да бар. Осы нұсқауды қолдану халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.  

Бүгінде мемлекеттік қызметке келіп жатқандардың көбі жастар. Сондықтан, жас буын арасында да әдеп сақтауды кеңінен насихаттау – біздің міндетіміз. Оған қоса, қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Барлық адам әлеуметтік желіні жақсы пайдаланады, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге осындай сан алуан желіні қолдану тұрғысында қатаң тәртіп қойылған. Оның өзі қызметшінің оң имиджіне нұқсан келмес үшін қадағалануы тиіс. Әлеуметтік желілерді пайдаланушы мемлекеттік қызметшілердің парақшаларында мемлекеттік қызметшінің беделіне дақ түсіретін материалдардың жарияланбауы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.      

Лауазымдық міндеттерін орындау барысында мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, іскерлік стильде киінуі, ұқыптылығы мен ұстамдылығы да ұдайы бақылауда. Қызметкерлер мен азаматтар әдеп жөніндегі өкілетті уәкілге кеңес алу, проблемалық жағдайларды реттеу, әріптестерімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүгіне алады.

Әдеп жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілеріне арналған әдеп кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.        

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыруға үлесін қосады. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Мәселен, АҚШ-та 1978 жылдан бері мемлекеттік органдардағы қызметтік әдеп басқармасы (The Office of Government Ethics) жұмыс істейді.

Біздің елде де қолға алынған аталмыш жүйе халыққа қызмет етіп отырған әр қызметшінің оң бейнесін айқындайтын жарқын бағыттың бірі болмақ.

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.