Көктемнің алғашқы күніндегі мереке
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап № 173 Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс айту күні –Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Қазақ халқы-тумысынан кез-келген игі іске, жаксы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Алғыс айту күнін жылдың ең сыпайы күні деп атауға болады. Алғыс айту деген сөз-адамдардың бір-біріне жылу сыйлауы. Кез келген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, жадырап шыға келеді. Игі істі тындырып, нәтижесінде осы сөзді естісек, қуанышымыз еселене түседі.
Алғыс, ризалық сезімі аясындағы бата-тілек айту-халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін дәстүр. Белгілі әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бата-біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» деген еді. Кең пейілді қазақ халқы да қашан да алғыс айтудан қашпаған. Халық арасында «алғыс бата» деген ұғым бар. Көпті көрген ақсақалдар жастарға алғысын білдіріп, жасаған іс-әрекеттеріне көңілі толып, «Қолыңды жай балам, батамды берейін, алғысымды білдірейін» деген. Бұл-үлкен тәрбие. Алғыс айту үшін арнайы күнді күтпеңіз. Мүмкіндік болып жатса жаксы сөз айтудан жалтарып қалмаңыз.
Бұл-алдымен әдептіліктің белгісі. Жақындарыңызға ризашылық білдірудің бір әдісі. Көңілді жадыратып, жақсылыққа жетелейтін сиқырлы сөз. Ата бабаларымыздан келе жатқан дәстүрдің жалғастырушысы өзіміз. Алғыс айту күні біз ата бабаларымызды құрметпен еске алып, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, ардагерлерімізге алғыс айтып, ұлттық құндылығымыз, халықтың салт дәстүріне айналған алғыс айту күнін заң мен бекіткен Елбасымызға алғысымызды білдіреміз.
Г.К.Нұрабалиева
БҚО, Сырым аудандық соты
әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]

1 пікір