ЕЛОРДАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Алғыс айту күнін мерекелеу аясында елордалық Достық үйінде «дөңгелек үстел» отырысы өтті, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Жылы жүрек, ізгі тілектер!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясында осы мерзімде ауқымды жұмыстар атқарылып, елдің бірлігі мен ынтымағын одан әрі дамытуға негіз қаланды.
Достық үйі тек қала Ассамблеясының ғана емес, Астананың да бетке ұстар айнасы болып табылады. Ол халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықтың нағыз этномәдени, әлеуметтік, ақпараттық-әдістемелік орталығына айналды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, "Қоғамдық келісім" РММ өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, жастардың, БАҚ өкілдері, еріктілер қатысты.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко барлығын мерекемен құттықтап, бірлік пен бақ-береке тіледі.
«Алғыс айту күні – барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі мен достығының жарқын мерекесі. Біздің ортақ елімізге өзара көмек пен қолдау көрсетіп қана қоймай, жас ұрпаққа шынайы бірлік пен достықтың үлгісін көрсетіп отырған ең жарқын мерекелердің бірі», - деп атап өтті Л. А. Прокопенко.
Іс-шара барысында этника аралық келісімді нығайтуға және қайырымдылықты дамытуға үлес қосқан елордалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері марапатталды.
Қайырымдылық акцияны өткізу кезінде балаларды емдеу үшін қаражат жинауға арналған жәшіктер орнатылды. Жиналған қаражат екі отбасына табыстлды.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА 20-ақпан айынан бастап 5-наурызға дейін қалалық этномәдени бірлестіктері тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуда. Қайырымлыдық акциясы жалғасын табуда.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ
[xfvalue_img]
38 пікір