Мал ұрлығына байланысты » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Мал ұрлығына байланысты

Мал ұрлығына байланысты

Ауылдық жерлерде мал ұрлығына байланысты қылмыстар көп кездесіп сотта қаралатын істердің бірі болып табылады.

Қай қоғамда болмасын мал ұрлау ерте заманнан келе жатқан қылмыстардың бірі.  Қылмыскерлер мал ұрлығы үшін ауыр жазаға тартылса да бұл қылмыс түрі тоқтар емес. Мал ұрлаумен күресте мемлекет негізінен меншікті қорғайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдылықтарды қолданып, оларды басшылыққа алып жүргізіп келді.

Тіркелген жалпы қылмыстылықтың деңгейімен салыстырғанда мал ұрлығы қылмысы онша орасан зор емес. Бірақ та бұл тұрғыдағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі оның латентігіне байланысты, яғни мұндай қылмыстардың ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады. Оның үстіне мал ұрлығының тіркелуі ұрлықтың басқа түріне қарағанда биік тұр. Оған себеп біздің ұлтымыздың өмір сүру салты мен дәстүрі, атап айтқанда, мал бағып күн көру дағдысы. Ауылдағылар қолдарында қарайған малы болса соның басын азайтпауға тырысады. Өйткені, бағып отырған мадарының тұрақты сақталуы отбасының алдағы уақытта алаңсыз өмір сүре алатындығының кепілдігі.

Конституцияға сай әрбір меншік түрі қылмыстық заңдылықпен қорғалуға тиіс. Ешбір тұлға малынан өз еркінсіз айырылуға тиісті емес. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық мемлекет құруға бағыт алғандаәр адам оның құқығы мен мүддесі басты орынға қойылғанда қылмыстық заң оның меншіктік құқығын қорғауға міндетті.

Құқық бұзушылардың жауаптылығын қатаңдату мақсатында 27.12.2019 жылы Қазақстан Республикасының Заңымен өзгерістер енгізіліп Қылмыстық Кодекс мал ұрлығы жөніндегі 188-1-баппен толықтырылды.

         Осы баптың ескертпесінде мал деп ірі қара мал, жылқылар мен есектер,түйелер, ұсақ мал, шошқалар саналатыны көрсетілген.

Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру  болып табылады. Осындай қылмыстық құқық бұзушылық үшін оны жасаған адамның  мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егерде қылмыстық құқық бұзушылық  алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; ірi мөлшерде жасалған мал ұрлаумен жасалса   мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалау осы баптың 2-бөлімінде көрсетілген.

Үшінші бөліміне сай, егер мал ұрлығы бірнеше рет; тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау анықталса – мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Осы баптың төртінші бөлімінде көрсетілген әрекеттермен, яғни қылмыстық топ жасаған; аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау –мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Малына қарап бай, кедейлігін анықтау бүгінде сақталған.Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен өте тығыз байланысты, сондықтан да мал негізгі байлық болып есептелген.

Кодекске енгізілген өзгерістерге сай мал ұрлығын қылмыстық топпен ұйымдасып жасаған жағдайда ол ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Өйткені, ауылдық жерлерде мал ұрлығы кәсіпке айналған жағдайлар кездеседі. Сонымен бірге соңғы кезде мал ұрлығы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар пайда болған. Малда қорадан немесе ауыл аумағынан шығарып беретін біреу бар, тасымалдайтын, жалған анықтама алып беретін тағы біреу бар. Сондықтан оны ауыр қылмысқа жатқызғандығы дұрыс шешілген тұжырым деуге болады.  

Мал ұрлағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе зардаптың орнын толтыру арқылы жазаны өтеуден  жалтару мүмкіндігін алады. Ауыр қылмыс болған жағдайда татуласу мүмкіндігінен айырылады.

Мысал ретінде тоқтала кетсек, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес мал ұрлығы басқа ұрлықтардан бөлек ҚК-тің 118-1 бабымен саралануға жатады. Сонымен қатар, мал ұрлығы үшін қолданылатын қылмыстық жаза да қатаңдатылады. Сырым аудандық сотымен 15 тамыз 2024 жылы ҚР ҚК-нің 188-1 бабының 3- бөлігінің 2 тармағымен азамат И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол мал қораға кіру арқылы бөтеннің малын ірі ірі мөлшерде жасырын жымқырған деп күдіктелген.Істі қарау нәтижесінде сот сотталушының аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны дәләлденген және оның әрекеті дұрыс сараланған деп тапты. И.-дың жасаған қылмыстық әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады.ҚК-тің 188-1-бабының 3-бөлігімен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Істі қарау барысында анықталған барлық мән-жайлар ескеріліп, И.-ға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару  жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі белгіленді.

Жанна-Мари Вебер

Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы                                                                                        

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.