Жоғарғы Сотта Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өтті
◾️ Тәуелсіздік күніне арналған турнирді Жоғарғы Соттың Судьялар одағының филиалы өткізді.
◾️ Жоғарғы Соттың судьялары мен Сот әкімшілігінің қызметкерлері бильярд, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан сайысқа түсті.
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев қатысушыларды құттықтап, турнир әріптестердің салауатты өмір салтын ұстануын нығайта түсетініне сенім білдірді.
◾️ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров барлығына сәттілік пен жеңіс тіледі.
◾️ Іс-шараға ҚР Үстел теннисі федерациясының Бас хатшысы Данил Пак, үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі бас бапкер Дәулет Ысқақов, шахмат пен дойбыдан халықаралық дәрежедегі төреші Бахтияр Нұғыманов және бильярдтан ұлттық санаттағы төреші Ерболат Жұмағұлов қонақ ретінде қатысты.
◾️ Турнирге қатысқан елуге жуық қатысушылардың арасында жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар грамоталармен, кубоктармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.
◾️ Сондай-ақ, қатысушылар бильярд бойынша “Үздік партия», «Шебер қол», «Жұлдыздай жарқылдаған», «Ұтқыр тактика», «Ұқыпты ойыншы», «Әсерлі соққы», үстел теннисі бойынша «Жоғары шеберлік», «Жеңіске деген ынта», «Керемет техника» және шахмат-дойбы бойынша «Стратегиялық ойын және жоғары деңгейдегі тактикалық шеберлік», «Жеңіске деген табандылық», «Ерекше үзлік партия» деген атаулар бойынша марапатталды.
[xfvalue_img]