«Сот кабинеті» интернет-сервисі
«Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап-арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар. Сот кабинетіне кіру үшін, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет.
Пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін төмендегілердің бірін таңдайды:
- Талап-арызды (өтінішті) беру
- Апелляциялық/жекеше шағымды беру
- Кассациялық шағымды беру
- Сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар
- Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз
Пайдаланушы «Іс бойынша құжаттар» бөлімі арқылы:
– пікір;
– қарсы талап арыз;
– талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз;
– сот отырысының хаттамасына ескертулер;
– аудио-бейне жазбаларға және сот отырысының қысқаша хаттамаларына ескертулер;
– сот актілерінің көшірмелерін беру туралы өтініштер;
– әділет органдарына атқару парағын жолдау туралы өтініш;
– атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыз;
– сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқаларын) қайталап беру туралы өтініш;
– өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш;
– төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындау үшін атқару парағын беру туралы арыз;
– басқа да өтініштер.
Өтініш беру
Пайдаланушы осы сервистердің бірін қамтитын файлды қосымшасымен бірге электрондық құжаттарды беру жүйесіне жүктейді.
Электронды құжаттарды жолдау тәртібі
–файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді;
–өтініш пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының
ақпараттық жүйесіне беріледі;
–электрондық құжаттың жолданғандығы–жөнелту туралы талонның толтырылуымен расталады;
–электрондық құжаттың тіркелуі – тіркеу туралы талонның толтырылуымен расталады;
–пайдаланушы берілген электрондық құжат тіркеуге қабылданбаған жағдайда, «Құжаттарды қосымша жолдау» функциясын пайдалану арқылы қажетті құжаттарды қосымша жолдай алады;
–пайдаланушының жүктеген әрбір файлының көлемі 10 МВ-тан аспауы қажет.
Сот кабинетінің пайдаланушысы - сот кабинетінде тіркелген, өтініштерді жіберу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде сот істері мен материалдары бойынша ақпарат алу үшін Сот кабинетінің қызметтерін пайдаланатын кез-келген жеке немесе заңды тұлға.
Заманауи технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді.
Д. Н. Ерденов
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маманы
[xfvalue_img]