Жоғарғы Соттың судьялары әріптестерімен кездесті
◾️ Жоғарғы Соттың судьялары Абай Рахметулин, Асқаржан Кенжеғарин және Нұрлан Құрманғалиев Астана қаласы мен елорданың аудандық соттарының, ҚР Әскери соты мен гарнизондардың әскери соттарының судьяларымен кездесті.
◾️ Жоғарғы Соттың судьялары өз сөздерінде құқық қолдану практикасына, қылмыстық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезіндегі, соның ішінде, кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарау кезіндегі ерекшеліктерге кеңінен тоқталды.
◾️ Заңды дұрыс қолданбау салдарынан сот актілерінің күшін жоюға және өзгертуге әкеп соқтырған сот практикасынан нақты мысалдар айтылды.
◾️ Бұл туралы айта келе, баяндамашылар қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарының, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормаларын мүлтіксіз орындауға, сот практикасының біркелкілігін қалыптастыруға тоқталды.
◾️ Кездесуге қатысушылар құқық қорғау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге жан-жақты жауаптар алды.
◾️ Кездесулер соңында Жоғарғы Сот судьялары азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және өзін-өзі дамыту бойынша тұрақты жұмыстың басымдылығына тоқталды.
[xfvalue_img]