Облыс судьялары үшін оқыту семинары өткізілді
Бүгін Қостанай облыстық сотында татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері бойынша облыс судьялары үшін оқыту семинары өтті.
Семинар модераторы - облыстық соттың судьясы, татуластыру рәсімдері жөніндегі үйлестіруші Айгүл Атжанова болды, ол аталған іс-шараның маңыздылығын айтып өтті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдануға ерекше назар аударуда.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының татуластырушы-судьясы Алтай Әбдіғали, Қостанай қалалық сотының татуластырушы-судьялары Гүлсара Рахметуллина және Бақытгүл Алтынсарина баяндама жасады.
Сөз сөйлеген баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісті, сот практикасынан мысалдар келтірді, табыстың факторлары - әңгімелесу жүргізу дағдылары, дауласушы тараптарды тыңдай білу болып табылатынын атап өтті.
Семинар сабағының тақырыбы бойынша слайдтар көрсетілді.
Семинар қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы А.Атжанова баяндамашыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]