IX судьялар съезінің жұмыс нәтижелері бойынша

IX судьялар съезінің жұмыс нәтижелері бойынша

2019 жылғы ел Президентінің Жолдауында мемлекеттік органдарының, билік органдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдану кезінде жария құқықтық даулардағы айырмашылықты жою үшін,  дауды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділетті енгізу қажеттігі туралы атап өтілді, онда азаматтар жиі тең емес жағдайларда болады және олардың мүмкіндіктері мемлекеттік аппараттың ресурстарымен сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 01 шілдеден бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жұмыс істейді, ол процестік заңнаманың бұрынғы нормаларынан түбегейлі ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы АПК-сі нормаларынан мемлекеттік органдармен сот талқылауын регламенттейтін нормалары алынып тасталды.

Қазақстан Республикасында әкімшілік әділетті енгізу шеңберінде мемлекеттік органдар мен жеке, заңды тұлғалар арасындағы жария-құқықтық дауларды қарау үшін Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды.

Әкімшілік сот ісін жүргізудің басты міндеті жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастардағы құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс-мемлекет Басшысының халыққа Жолдауында айтылған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының негізгі нормативтік құжаты. АППК мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен жұмыс парадигмасын түбегейлі өзгертуді көздейді. Мемлекеттік органға қарсы сот ісін жүргізудің стереотипі өзгертілді.

 Осы Кодекстің жаңашылдықтарының бірі - соттың белсенді рөлі. Соттың белсенді рөлі әсіресе тараптардың бір-біріне қатысты теңсіздігіне негізіне маңызды. Бұл АППК мен АПК арасындағы айырмашылық.

Соттың белсенді мінез-құлқы тараптардың біріне бейімділік болып табылмайды. Сот талапкерге әлсіз тарап ретінде, ең алдымен, объективті шындыққа жетуге ұмтылуға көмектеседі, заңдылық пен шындыққа жақындауға ықпал етуден гөрі. Енді мемлекеттік орган сотта өз пікірін дәлелдеуге міндетті. Белсенді рөлден сот талқылауларының сапасы артады.

 Әкімшілік әділет - біріншіден, теңдікті қамтамасыз ету, екіншіден, сот билігі тарапынан қарапайым азаматтарға жәрдемдесу болып табылатын тұтас инфрақұрылым.

Қазақстанның әкімшілік соттары жұмысының нәтижелері еліміздің барлық өңірлерінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренада да танылды, жария құқықтық дауларды қарау үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сүйене отырып жүргізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілік соттардың жұмысына Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезінде оң баға берді.

 Мемлекет басшысы әкімшілік соттардың халықтың сенімін арттырудағы және сот төрелігін іске асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, сот істерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешіліп жатқанын, бұл жақсы үрдіс болып табылатынын және экономиканың өркендеуіне және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға жол ашатынын атап өтті.

Президент өз сөзінде әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде қызмет ететінін, ал сот жүйесі беделді және бейтарап тірек болуы керек екенін атап өтті.

Соттардың қызметін одан әрі жетілдіру үшін 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық соттар өз қызметін бастайды. Кассациялық соттардың кадрлық құрамы неғұрлым тәжірибелі судьялар қатарынан қалыптастырылатын болады. Кассациялық соттар барлық азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін едәуір кеңейтеді.

2024 жылғы қазанда өткен Қазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезінде ағымдағы жылы судьялар қауымдастығының алдына жаңа міндеттер қойылды.

Съезд делегаттары ретінде Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының м.а. Т.С.Оразова бастаған, Батыс Қазақстан облысы судьялар корпусының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде сот жүйесін, судьялардың өзін-өзі басқаруын, сот ісін жүргізуді, судьялар этикасының жаңа кодексін қабылдау, сот әкімшілігін жетілдіруге бағытталған сот реформасының одан әрі бағыттары туралы мәселелер қаралды.

 Съезд Мемлекет басшысы белгілеген және стратегиялық бағдарламалық құжаттарда, оның ішінде құқықтардың үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі сот реформасының негізгі векторлары бойынша шаралар әзірлеуді мақсат етті.

Алдыңғы съездердің жүргізіліп жатқан жұмыстары сот жүйесін қалыптастыруға және заңның үстемдігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты. Енгізілген инновациялар сот процестерін қолжетімді, түсінікті,  ыңғайлы етті. Өзгерістер сот ісін формализмнен тазартуға бағытталған.

Давлетова Алтынай Әбубәкірқызы 

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.