Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүргізу
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу болып бекітілді.
Тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер, әр түрлі бағдарламалар қабылданып, тіл мәдениетін қалыптастыруға жұмыстар жасалуда.
Сот билігі – биліктің бір тармағы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға мүдделі. Дегенмен де процестік заңнамаға сәйкес сот ісін жүргізу тілі талап қою берілген тілде іске асырылады.
Қазіргі таңда әкімшілік және қылмыстық істердің барлығы дерлік мемлекеттік тілде, азаматтық істердің басым көпшілігі қазақ, ішінара арыздар орыс тілінде сотқа кеп түседі. Заңгерлердің көпшілігі орыс тілін еркін меңгергендіктен, талапкер қазақ тілін толық меңгерсе де, заңгер тарапынан ресми тілде арыз жазылады. Екінші деңгейдегі банктердің борышкерден қарыз өндіріп алу туралы арыздарының барлығына жуық орыс тілінде. Осы салада мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтсе екен деп ойлаймын.
Тіл тағдыры өз қолымызда. Сол себептен өз тіліміздің мәртебесін көтеріп, сот жүйесі жүз пайыз қазақша сот ісін жүргізетін уақыт жақын деп танимыз.
С.Танатарова
Жаңақала аудандық сот әкімшісінің бас маманы.
[xfvalue_img]