Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік

Сот актілерін орындамау ең алдымен халықтың билікке, әділдікке деген сенімін төмендетеді. Себебі азаматтар өз құқығын, өз мүддесін қорғау үшін сот табалдырығын тоздырып қаншама уақытын, қаржысын жоғалтады. Осыншама жанкештілікпен өз құқығын қорғап, қолына көптен күткен сот актісі тигенімен, оны орындата алмай шарасыз күйге түскен жандардың билікке де, сотқа да сенімі азаятыны түсінікті. Ендеше, сот актілерін дер кезінде орындату - азаматтардың сотқа деген, сот арқылы мемлекеттік билікке деген сенімін нығайтудың кепілі.

         Екіншіден, сот актілерін орындамау - сотты сыйламау. Ал сот мемлекет атынан шешім шығарады. Сот елдегі қауіпсіздіктің, әділдік пен тура төреліктің күретамыры.

         Міне, сондықтан да елімізде сот шешімдерін орындау мәселесіне көп мән берілді. Осы мақсатта соңғы жылдары атқарушы қызмет туралы заңдар барынша жетілдіріліп, сот орындаушыларының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар қолға алынды. Бүгінде мемлекеттік сот орындаушылармен қатар жеке сот орындаушылар институты да сот актілерін дер кезінде орындау бағытында жемісті еңбек етуде.

         Сот шешімінің орындалуы сот жүйесі үшін халық сеніміне ие болудың маңызды шарты. Осыған орай сот шешімдерінің орындалмай қалған оқиғаларына үнемі талдау жүргізіліп, мониторинг қорытындысына сай өндіріп алушылардың мүдделеріне кедергі болатын мәселелердің шеңбері, сот актілерін орындауға тосқауыл болатын себептер анықталады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтарға сот актілерін орындату үшін түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, ескерту беру аздық етеді. Мұндай шаралардың пәрменді болмайтыны рас. Сондықтан сот актілерін орындамағандарды әкімшілік жауаптылыққа тартудың заңды тетігі белгіленген. 

         Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 669-бабында сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамаған тұлғаларға әкімшілік  жауаптылық  көзделген. Бұл тетік сот жұмысына құрметпен қарауға, тараптар алдындағы жауаптылықты көтеруге, сот актілерін аяқсыз қалдырмауға ықпал етері анық.  

Айжан Биркеновна Нугербекова   

Ақмола гарнизонның әскери сотының

бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.