Заңнамаларға өзгерістердің енуіне байланысты семинар өтті.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау туралы БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті
Сот төрайымы С.Кадралиева бұл өзгерістер әкімшілік істерді қарауды жеделдету және соттарға жүктемені азайту мақсатында қабылданғанын атап өтті. Заңмен соттың ведомстволық бағыныстылығынан мемлекеттік органдарға толықтай 63 құрам, баламалы негізде 37 құрам берілді.
Сондай-ақ, судьялар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне бала асырап алуға қатысты енгізілген жаңалықтарды, экологиялық қылмыстарға, мал шаруашылығына және басқаларға қатысты санкцияларды күшейтетін Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.
Семинар соңында істерді қарау барысында енгізілген өзгерістерді толық зерделеу қажеттілігі жөнінде ұсынымдар берілді.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]