Ең үздік сот хатшысы
Сот пен судья деген ұғымды естігенімізде бізге сот отырысы, судья, прокурор есімізге бірден түседі, алайда сот жүйесінде сот отырысы хатшысының рөлі өте маңызды екенін назардан тыс қалдырмау қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, бірақ сот төрелігін жүзеге асыру қызметін атқармайтын және судьяны алмастырмайтын іс жүргізу тұлғасы.
Сот отырысы хатшысы судьямен бірге жұмыс істеуі маңызды, себебі сол кезде судьяның жұмысы реттеледі, актілерді жолдау, хаттамалар жасау, орындауға ұйғарым жіберу және т.б. жұмыстар мерзімінде аяқталады.
Сот отырысы хатшысының жұмысы сот талқылауының дұрыс ұйымдастырылуын, сот құжаттарының, сот отырысының хаттамасының дұрыс, түсінікті, сауатты дайындалуын анықтайды, бұл өз кезегінде іс бойынша дәлелдеме қызметін атқарады.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының сот отырысы хатшысы қызметін беделді атқарып келе жатқан қызметкер Шодорова Мария Сайранбековна.
Мария Сайранбековна 2007 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтап өз қызметтік жолын 2008 жылы заңгер ретінде бастаған. Сот саласындағы еңбек өтілін 2018 жылы Қостанай қалалық сотының жетекші маманы болып бастаған.
Қазіргі таңда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының сот отырысы хатшысы қызметін атқарып келеді.
Сот жүйесінде қызмет ете отырып Мария Сайранбековна жинақылық пен жауапкершіліктің, көпшіл және сыпайы мінездің үлгісін көрсете білді.
Заңды және өз құқықтарын білмеуінен қиын жағдайға тап болған адамдар әділдікті қалпына келтіру үшін сотқа жиі жүгінетіндіктен, сотқа көмек сұрап келгендерге өзінің қызметі шегінде қол ұшын созуға әрдайым дайын тұрады.
Сот отырысы хатшысы ретінде болашақта қалаған нәтижелерге қол жеткізу үшін үнемі өзін – өзі жетілдіруді, шыдамдылықты, табандылықты өзіне мақсат етіп қойған.
Соттың жұмысы мен имиджі көп жағдайда сот хатшысының дұрыс ұйымдастырылған жұмысына, оның жауапкершілігіне, сауаттылығына, саналылығы мен ұқыптылығына байланысты.
Жұмыстың ауырлығына қарамастан сот отырысы хатшысы ретінде Мария Сайранбековна өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз орындап, сот саласына бар үлесін қосуда.
Қымбат Алпысбаева
Астана қаласының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
[xfvalue_img]