Соттағы жаңашылдықтар
Соттарда «Төрелік» ААТЖ істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі қағидалары, сот отырыстарын өткізу кезінде дыбыс және бейнежазба техникалық құралдарын қолдану туралы ережесі бойынша тиімді жақтарыкөптеп саналады, сонымен қатар бұйрық арқылы іс жүргізу, жеңілдетілген тәртіппен азаматтық іс өндірісі электронды түрде жүргізілуінен байланысты қағаз түрінде шығарылмайды.
Сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта түскен кезде дәлелдемелік базалық құжаттардың сапалы жиналуы, уәкілетті орган қызметкерлерінің бейне тіркегіштеріндегі бейне жазбаларды да, бейне жетондарды да қоса беру қажет екендігі және істерді тек электронды планшеттер арқылы қозғап, дереу сотқа жіберіледі.
Сот отырысының аудио,-бейнежазу көшірмесін беру, өтініш негізінде жүзеге асырылады, осыған орай өтініш беруші аудио- бейнежазу көшірмесін іске қатысатын басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, өз құқығын қорғау үшін ғана пайдалануға, аудио- бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын қатаң сақталып отырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретінін, сондықтан кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігін және сыбайлас жетқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің қатысады, әрбір адам тек өз іс-әрекеті үшін жауапты емес, сондай-ақ ұжымның жұмысы үшін жауапты.
А.Искакова
Жаңақала аудандық соты әкімшісінің басшысы:
[xfvalue_img]