Сот саласында қазақ тілін қолдану аясы
Қазақ тілі Қазақстандағы сот ісін жүргізуде үлкен маңызға ие және өмірдің барлық салаларында, сот жүйесінде де мемлекеттік тіліміз кең ауқымда қолданылады.
Мемлекеттік тіл еліміздің ресми тілдерінің бірі болып табылғандықтан, конституцияға сәйкес азаматтардың сотқа қазақ тілінде жүгінуге, сондай-ақ іс бойынша құжаттар мен материалдарды қазақ тілінде алуға құқығы бар. Бұл азаматтардың сот процестеріне белсенді түрде қатысып, заң шеңберіндегі құжаттарды толыққанды түсінуіне мүмкіндік береді.
Сот істерін жүргізіп, шешімдер мен құжаттарды жасау кезінде қазақ тілін қолдануды қамтасыз ететін арнайы нормалар сілтеме жасалынады.
Сот саласында қазақ тілінде өткізілетін отырыстардың саны жыл сайын артып келеді.
Әрбір сот отырысында судьялар тараптарға қазақ тілінде шығарылған құжаттар мен шешімдерді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түпкі мағынасымен толыққанды таныстырады.
Тіл, ұлт, тәуелсіздік атаулары біз үшін қасиетті ұғымдар. Сот жүйесінде мемлекеттік тілді тиісті дәрежеде қолдану, қазақ тілінің мәртебесін көтеру халқымыздың жарқын болашаққа деген сенімін нығайта түседі.
Айгерім Төрежанова
Астана қаласының мамандандырылған
ауданаралық тергеу сотының бас маманы
[xfvalue_img]