Ана тілі – ұлттың ең асыл қазынасы
Тіл - ұлттың ең асыл қазынасы, әрбір мемлекеттің негізгі діңгегі.
Қазақ тілі - біздің өткеніміз бен бүгінімізден және болашағымыздан тұрады.
Отан отбасынан басталады, сол себепті қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса қатты мән берген, кішкентай кезімізден елімізге деген патриоттық сезімімізді оятып, Отанды қорғауға, тіліміз бен туған жерімізді құрметтеуге баулыған.
Елімізде мемлекеттік тілге көшу қарқыны күн сайын жақсарып келеді. Барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер қазақ тілін дамыту мен қолдануды жүзеге асыру үшін түрлі іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар, газеттер мен журналдарда, теледидарда әртүрлі бағдарламаларда мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы айтылады, бұл үрдіс мемлекеттік тілдің дамуына оң әсерін тигізеді.
ХХ ғасырдың басында қазақтың зиялысы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп атап өткен болатын. Қазақ тілі – біздің ата-бабаларымыздың тілі, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген ең құнды мұрасы. Қазақстандағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі болғандықтан, оны білу әрбір азаматтың қастерлі борышы.
Жанат Копбаева
Астана қаласының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]