МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАНЫ
«Ана тілі- халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал.Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауыда сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін, оның бораны мен назағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз»- деп педагог К.Д.Ушинский айтқандай тіліміз еліміздің тірегі мен жүрегі.Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді.Тілдің иесі- кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл- халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл- өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда «Мемлекеттік тіл- қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған.
ХХ ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзіде жоғалады» деп еді. Туған тіліміз- халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңгі апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, әйтсе де біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғаған емеспіз.
Ана тілім- ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көз қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерін араластырып сөйлейтіндерді жиі көреміз.Қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тілге жаны ашымаған адам- жәндік» деген.
Тіліміз бірінші байлығымыз, ырысымыз, қазынамыз. Басқа тілде білу керек, қанша тілді білсең де өз еркің. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Сондықтан да өз тілімізге жауапкершілікпен қарайық. Тіліміз- елді, қоғамды біріктіруші қуатты күш.
Қазақ тілі – ұлттың жолы.Мен ұлтымды, тілімді сүйемін.Тіл тағдыры- ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Мен ана тіліммен мақтанамын және мемлекеттік тілімді құрметтеймін!
Елімнің жастарын, ең алдымен, өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне: Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін көтерейік.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандардырылған
ауданаралық сотының жетекші маманы Н.Мажитова
[xfvalue_img]