Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.
Жемқорлық – індет, аластау – міндет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтату қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.
Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық. Атап айтқанда, өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер қабылданған. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары жатады.
Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.
Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Өз ойым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу әр азаматтың парызы деп білемін.
Еркеназ Қайырбекова
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық
тергеу сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]