Қазақ тілі – мемлекеттің асыл діңгегі

Қазақ тілі – мемлекеттің асыл діңгегі

Бүгінде мемлекеттік тіл жөнінде көп айтылып, көз майын тауысып, жанарын жасытып жүргендер жетеді. Өйткені, мемлекеттік тіл – елімізде аса маңызды да ең өзекті мәселе.Тіл – қазақтың жан жүрегі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, қолданыс аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық азамат өз азаматтық борышын мүлтіксіз атқаруы тиіс.

Мемлекет басшымыздың бастауымен, қолдауымен мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, көңіл аударылғаны – тынысымызды кеңейтіп, ілгері жылжуымызға жаңа серпін береді. Мемлекеттік оқып үйрету жүйелі болмағандықтан, білім сапасы да төмен. Оның сапасын жақсарту үшін қатаң талап қажет етілуі қажет. Талапқа орай нақтылы жоспар құрылып, оны жүзеге асыру жолдарын нақты қадағалап, жүйеге салуға ел болып атсалысқанда іс нәтижелі болары анық. Қоғамда қай саланы болмасын мемлекеттік тілден хабардар өз істерінің мамандары басқарғаны абзал. Себебі тіл білген адамның бойында патриоттық рух, ұлтшылдық қан ойнайды. Отаншылдық сезім басым болады.Сонда олар тілге иелік етіп, өз жанындай қорғап, тілдің көркеюіне бір адамдай боп топтасып қызмет  етеді. Тілді білу – сыйластық пен түсіністіктің қайнар көзі екенін біліп, оның мемлекетті мемлекеттің негізі, басты біріктіруші құрал екендігін ұғынып, қазақ тіліне деген оң көзқарасты қалыптастырып, патриоттық сезімді, тәрбиені насихаттайтын болады.

Тілдің ең негізгі қызметі – ұлтты, халықты біріктіру. Олай болса, мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару орындарында негізгі тіл ретінде қалыптастыру қажет. Ол үшін қызметке мемлекеттік тілімізде еркін ойлайтын, сөйлейтін, қазақтың бітім болмысын ұғынатын, қарымды да қабілетті жастарды алған жөн. Осылайша қазақ тілі қолданысқа еніп, ортақ тілге айналары хақ.

Н.Д.Төлегенова 

Бөкей ордасы аудандық сотының

аға сот приставы                                                         

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.