Мемлекеттік тілдің мәртебесі

Мемлекеттік тілдің мәртебесі

Мемлекеттік тілдің мәртебесі дегенді әркім әрқалай түсінеді, әрқалай ойлайды, әрқалай ұғады.

Қазіргі таңда қазақ тілінің даму қарқыны жаман емес, еліміздің қаракөздерінің үлес салмағы артқаны секілді мемлекеттік тілді меңгерген адамдардың қатары да көбейіп келеді.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, бұл ана тіліміз.

Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланды.

Мемлекеттік тілді ғылыми әдебиетте ресми тіл деп те атайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» -деген сөздерді қате түсініп, мемлекеттік қызметкерлер орыс тілін ресми тіл деп өрескел қатеге барады.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тұтас аумағында, болмаса белгілі бір аймағында заңдық мәртебесі мемлекеттегі басқа тілдерден ең жоғары бекітілген тіл.

Мемлекеттік тіл ең алдымен осы мемлекеттің Конституциясының тілі, сондықтан, Конституциясы жоқ елдің мемлекеттік тілі де жоқ деп есептеледі.

Мемлекеттік (ресми) тіл көп жағдайда осы мемлекеттік сан жағынан басым, байырғы ұлттық тілі. Сондықтан да, әлемде мемлекеттік тілді ресми тіл дейді. Қажет болған жағдайда ресми құжаттар (заңдар, т.б.) басқа тілдерге аударылады.

Қазақ тілінің тәуелсіздік жылдарында білім, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, экономика, ғылым, саясат, қорғаныс салаларында өрісі кеңейді. Дегенмен елімізде мемлекеттік тіл өте қайшылықты ортада өмір сүруде.

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз еліміздің негізгі рәміздерінің бірі болып саналады. Әрбір тәуелсіз, тұғырлы елдің туы, елтаңбасы, әнұраны, шекарасы болатыны сияқты мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіліміз егеменді ел екеніміздің бір белгісі. Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтың тілі.

«Тіл – тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды.

Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне араластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би – шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді.

Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе алатынымыз анық, олай болса, адам баласы өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүйіп, құрмет тұтқаны абзал деп білемін.

Н.К.Мажитова

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.