Адалдық, ашықтық қағидаттары негізіндегі –Әдеп кодексі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқаннан бастап мемлекеттік қызметшілердің кәсібилегімен қатар, олардың әдептіліг маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру –Жаңа қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты фактор.
Осыған байланысты халықпен кері байланысты жақсарту, азаматтардың мемлекеттік көзқарасын және сенімін арттыру мақсатында –Әдеп кодексіне байланысты жаңа өзгерістер қабылдана бастады.
Жаңа Әдеп кодексі ең алдымен қызметтік әдеп стандарттарын белгілеуге бағытталған және мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық –адамгершілік қасиеттерді орнықтырудың негізі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.Бұл стандарттарды бұзу тәртіптік жауапкершілікті әкеліп соғады.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлкет тарапынан ерекше сеніпм білдіру болып табылады.
Уюмдасова Альмира Аскаровна
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу соты әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]