Мемлекеттік тіл – ұлт рухы!
Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатырған тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. «Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылды.
Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес» мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Қазақта «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.» деген мақал тегіннен тегін айтылмаған. Біз өз тілімізді құрметтесек қана, өзге ұлт өкілі қызығып, еріксіз сөйлейтін дәрежеге жетуіміз керек.
«Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, ең алдымен өз тіліңді дұрыста» деген керемет қазақтың мақалы көп нәрсені айтқысы келгендей, демек, қоғамдағы болып жатқан тілге қатысты мәселердің алдын-алу, болдырмау үшін қоғам болып, ел болып атсалысуымыз қажет.
Кенжебаева М.М.
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]