«Мемлекеттік тілді меңгеру – заман талабы»

«Мемлекеттік тілді меңгеру – заман талабы»

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.

 «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті», - делінген. Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.  

Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді қолдану әрбір қызметкердің басты міндеті болып табылады. Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу Конституциямыздың талабы және соттарда мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың, сот актілерінің сапасына жоғары талап қойылуы, мемлекеттік тілдің одан әрі кеңінен қолданылуын кеңейту сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік тілді ұлттың ұйытқысына айналдыру өз қолымызда. Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі ҚР-ның заңдарымен белгіленеді.

Тіл саясаттың жүзеге асырылуына ұдайы назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа мүмкіндіктерді айқындау-жауапты мәселе. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де зор мақсат. Мемлекеттік тілді сот жүйесінде қолдануға әрбір қызметкердің азаматтық, моральдық жауапкершілігі, яғни осы саладағы әрбір қызметкер өз деңгейінде үлес қосуы қажет. Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу – ата Заңымыз Конституция болып табылады. Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын барынша кеңейтіп, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселесі басты бақылауға қойылған. Сондықтан да, Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреп тұрғанда, тәуелсіз еліміздің тілін, дінін аман сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа бар маңызымен жеткізе білу - әрбір азаматтың парызы мен міндеті.

А.Т.Иманбекова 

Мұғалжар аудандық сот әкімшісінің басшысы 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.