«Мемлекеттік тілді білу-өмір талабы»

«Мемлекеттік тілді білу-өмір талабы»

Кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.

Тіл қашан да мемлекеттің ‑ ең асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл де жанды нәрсе сияқты қалыптасады, дамиды, өркендейді, өседі немесе құлдырайды, кемиді, өшеді, жойылады. Тіл ұлттың тірегі.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-еліміздегі мемлекет саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың тілдік мәртебесін арттыруға барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар туғызуды жүктейді.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәңіндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейіді халық даналығы. Ендігі мақсат ‑ тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет»-деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.

Мемлекеттік тілді білу-өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді.  

«Мемлекеттік тіл ‑ бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл осындай рәміз. Сондықтан біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз» - деген Елбасының тапсырмасын орындау- әрбір қазақстандықтың парызы болуы тиіс.

Сондықтан да елі, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегіндегі ана тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі болуы керек. Ана тіліміздің өркендеуі ‑ еліміздің өркендеуі екенін естен шығармайық.

Ана тілдің дамуы ұлттық санаға тікелей әсер етеді. Өз ана тілінде тәрбиеленген ұл мен қыз сөз қадірін түсінеді. Бүгінгі таңда тіл экологиясын қалыптастыратын заман келді. Өйткені тіл ‑ қарым-қатынас құралы. Ұлы Абайдың сөзімен айтқанда “Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы”. Ендеше тілді дамытып, көздің қарашығындай қорғап ұстауымыз керек. 

М.С.Темірғалиева 

БҚО, Тасқала аудандық соты әкімшісінің басшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.