Тіл  – ұлттың тірегі

Тіл – ұлттың тірегі

Қазақстан егемен ел болғалы Елбасының тікелей бастамасымен қазақ тілін дамытуды қолға алды.Бұл ретте Елбасы «Қазақ елінде қазақ тілі өркенделуі тиіс,біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі –еліміздің мемлекеттік  тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш –жүгерімізді жұмсауымыз керек»,-деген еді.

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян.

Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени-әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тілді құрметтеу, оны  дамыту – еліміздегі мем¬лекеттік саясаттың ең маңызды ба¬ғыттарының бірі. Бүгінгі таңда «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп түсініп, тілдің қоғам өміріндегі қолданысына, оның бүгінгі мен болашағына толғанатын біздің тіл жанашырларының тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырғанымыз анық.

Қазіргі қазақ тілі – жалпы әлемдік тілдік дамудың биік деңгейінде тұрған дамыған тіл. Ғылыми тарихи жүйеден қарайтын болсақ, біздің тіліміз қазіргі адамзаттың үлкен тілдік арналардың ең бір жетілген саласы болып табылады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығы орасан зор екендігі белгілі, ендеше, алдағы уақытта бұл бағыттағы бірқатар іс-шаралар өз шешімін табатынына сенімдіміз. Қазақ тілінің тағдыры мемлекеттің дамуы және ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін біздің әрқайсысымыз да терең түсінеміз. Қазақ халқының бүгінгі ұрпағы мақтанғысы келсе, артында осыншама тіл байлығын қалдыра білген бабаларымен мақтана алады. Өз тілімзді қадірлеп, ұлттың тірегі болған тілімізді  дамытуға үлесімізді қосайық.

Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі                   

Зияш Зайнуллина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Nkrcel 27 мая 2022 12:01

    doxycycline online buy - <a href="https://doxycyclineg.store/">buy doxycycline 200mg without prescription</a> order tadalafil 40mg generic

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.