Статистика 2021-2023 жылдары некені бұзу туралы соттар қараған істер санының артқанын көрсетеді
Мәселен, соттарға 2021 жылы 80 мыңнан астам, 2022 жылы 82 мың, 2023 жылы 78 мыңнан астам іс пен арыз түскен. Олардың тең жартысына жуығын сот қанағаттандырған.
Ажырасқысы келетіндер Алматыда, Алматы мен Қарағанды облыстарында көбірек. Ең азы - Ұлытауда.
Апелляция - 89 (шешімге шағымғандардың 8,1%), кассация– 4 сот актісін (3,7%) бұзды.
Бұл ретте, жыл сайын пәктігі түйінімен өзін байлағысы келетіндер азайып бара жатқанын атап өткен жөн.
Мәселен, 2021 жылы АХАТ органдары 120 мыңнан астам неке тіркесе, 2022 жылы – 128,4 мың, 2023 жылы – 120,9 мың некені тіркеген. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2017 жылы 140 мыңға жуық жас жұбайлар шаңырақ көтерген.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылдың күзінен бастап кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттардың соттылығы айтарлықтай кеңейді. Мәселен, қазір республикадағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған 19 ауданаралық соттар балалардың мүдделеріне қатысты барлық дауларды қарайды.
Бұл отбасылық соттар ажырасу туралы істерді қарайды:
- егер ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болса;
- ерлі-зайыптылардың бірі ажырасуға келіспесе;
- егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылық болмаған жағдайда да өз әрекетімен (әрекетсіздігімен) некені бұзудан жалтарса.
2018 жылдан бастап «Отбасылық сот» жобасы аясында қазақстандық соттар отбасын сақтауға бағытталған бірқатар шара жүзеге асыруда. Тараптарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Жоба аясында ажырасу туралы талап қою түскеннен кейін жұмысқа психологтар мен медиаторлар тартылады. Алғашқылар ерлі-зайыптылармен әңгіме жүргізеді, оларды мұндай қадамға баруға итермелеген себептерді анықтайды, проблеманы талқылап, тараптарды татуластыруға тырысады.
Егер адамдар түпкілікті шешім қабылдаса, медиаторлар көмекке келеді. Олар қарым-қатынастарды реттеуді, «тату” болып қалуды және өркениетті түрде сөйлесуді ұсынады.
Ерлі-зайыптылар мүлікті бөлу туралы келісім жасайды. Егер олардың ортақ балалары болса, онда баланың тұрғылықты жерін, алимент өндіруді және баланың ата-анасымен сөйлесу тәртібін анықтау туралы келіседі.
Яғни, бұл мәселелердің барлығы сотқа дейін шешіледі, бұл бұрынғы ерлі-зайыптылардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, соттардың жұмысын да жеңілдетеді.
[xfvalue_img]
11 пікір