Сотталғанның аурулығына байланысты жазадан босату, не жазаны кейінге қалдыру, жеңіл жаза түріне ауыстыру бойынша іс құжаттарын қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелер

Сотталғанның аурулығына байланысты жазадан босату, не жазаны кейінге қалдыру, жеңіл жаза түріне ауыстыру бойынша іс құжаттарын қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелер

Егемен еліміздің заңдарының халықаралық шарттарға қайшы келмей, азаматтардың құқықтарын аяқ асты етпеу жолында құқықтық мемлекетімізде тың еңбектер жасалынып жатыр және жасалына бермек. Сот билігі де биліктің бір тармағы ретінде өз жұмысын даму үстіндегі мемлекеттің асыл қазынасы болып танылатын халықтың құқықтарын қорғау үшін өз үлесін қосып келетіні айтпаса да ақиқат. Соның ішінде, сотталғандардың да құқықтары заң көлеңкесінде қалмасы анық. ҚР ҚК-нің 75-бабына сәйкес сотталғанды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру негіздері көрсетілген.

Жазаны өтеуді кейінге қалдыру қылмыстық заңға бірінші рет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 17 наурыз 2023 жылғы Заңымен ҚР ҚК-нің 75-бабына енгізілген.

Аталған бап бұрын ауруына байланысты жазадан босату деген айдармен белгілі болған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1 Нормативтік қаулысымен жазаны өтеуді кейінге қалдыру айдары қосылып, «Ауруына байланысты жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы»  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізілді.

Аурулығына байланысты жазадан босату не жаза өтеуді кейінге қалдыру бұрын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен реттелетін, қазіргі кезде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығын басшылыққа алу нақтыланды.

 Сотталғандардың аурулығына байланысты жазаны кейінге қалдыру мәселесі заңға өзгеріс ретінде енгізілгенмен, сот тәжірибесінде қолдануда өзіндік ерекше талқылауды қажет ететіні сөзсіз, өйткені бұрын жазаны кейінге қалдыру тек ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабына сәйкес жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру бойынша қолданылатыны баршамызға белгілі. Аталған бап бойынша жүкті әйелдерге 1 жылға дейін, жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн 5 жылға дейін, бірақ  бала 14 жасқа толғанға дейін нақты көрсетілсе, ҚР ҚК-нің 75-бабына сәйкес жазаны кейінге қалдыру уақыты нақтыланбаған, заң талабына сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғаннан басқа, жазаны өтеуге кедергі келтіретін өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамға сот жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануы мүмкін не оны сот жазаны өтеуден босатады немесе жаза неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуы мүмкіндігі ғана көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай – ҚК 75-бабына сәйкес  сотталғанның жазасын кейінге қалдыру   жазасын өтеу кезінде өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған не  өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, адам жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқасқа ұшыраған жағдайларда мүмкін екені түсіндірілген.

ҚР ҚПК-нің 393-бабының 5-бөлігіне сәйкес сот, егер осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмi өтiп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстiң 36-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, айыптау үкiмiн адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып шығарады. ҚР ҚПК-нің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67, 67-1-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда, қылмыстық қудалау органы, сот тиісті мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.

Аталған негіздерге сәйкес соттың ҚР ҚК-нің 75-бабын үкім шығару кезінде қолданып, сотталғанды ауруына байланысты жазадан босату не жаза өтеуді кейінге қалдыруға құқығы көрсетілмеген. Сот үкімі шығарылған соң, үкімді орындау кезінде ҚР ҚПК-нің 476-бабының 7) тармағына және 478-бабы 3) тармағына сәйкес сотталғанның өтініші не мекеме ұсынысы бойынша жаза өтеу кезінде ғана жазадан ауруына байланысты босату не жазаны өтеуді кейінге қалдыруы тиіс.

Алайда, заң талаптарына сәйкес сотталғанның ауруына байланысты жазаны кейінге қалдыру мерзімі айқындалмаған. Жоғарыда аталған Нормативтік қаулының 5 тармағына сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғаннан басқа, жазаны өтеуге кедергі келтіретін өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамға сот жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануы мүмкін не оны сот жазаны өтеуден босатады немесе жаза неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуы мүмкіндігі көрсетілген.

Шетел тәжірибесіне тоқталар болсақ, батыс елдерінде жазадан не күзетпен ұстаудан босатуға жататын аурулық тізімі бекітілмеген, әрбір күзетпен ұсталған адамды не жазасын өтеп отырған сотталғанды ауыр науқастығына байланысты босату әрбір аурудың дәрежесіне байланысты бағаланады.

Атап айтар, болсақ АҚШ федеральды заңдылықтарында ауыр науқастың жазылу мүмкіндігі болмаса немесе 1 жыл бұрын өліміне себеп болатын аурулық байқалғанда, шешім қабылданған күннен босатып, бақылауда ұстау нақтыланған. Еуропа елдерінде Еуропа Кеңесінің адам құқықтары тәжірибесіне сәйкес егер ауыр науқас жаза өтеу орнында ем алуына кедергі келтірмесе, жазадан босатылмайды. Ұлыбританияда сотталғанда жазылмайтын ауру анықталған жағдайда жазадан босатылады, бірақ аталған тәжірибе әр мемлекетте әр түрлі қолданылады. Шотланды елдерінде сотталғанның өмір сүруіне 3 айдай қалғаны анықталса дереу босатылады.

Франция қылмыстық процестік кодексіне сәйкес күзетпен ұстауға алынған адамның денсаулығндағы өлімге әкеп соғатын ауыр науқастығы өкілетті органдармен мұқият тексеріліп, бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес жаза тағайындалады немесе сотпен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған жағдайда, бұл үкімнің орындалуы тоқтата тұрылады. Францияның қылмыстық кодесінің 132-бабында ауыр науқастыққа байланысты сотталғанның жазасын кейінге қалдыру қолданылады және өлімге әкеп соғатын ауыр науқасты екі тәуелсіз сарапшының қортындысымен бекітіліп, ауыр науқастығы анықталғанда жазадан босату құқығы сотқа берілген.

Осы негізде еліміздегі заң олқылықтары жойылып, ізгілік қағидасына негізделген қылмыстық заңымызға ауыр науқастығына байланысты сотталғанның жазасын кейінге қалдыру не босату тәжірибесін дамытып, аурулықтың өлім себебіне әкелуін күтпестен алдын алу шараларын жасап, шетелдік тәжірибелермен салыстыра отырып, жазаны өтеуді кейінге қалдыру уақытын нақтылауда тура бағдар беруді қажет етеді. Сонымен қатар қылмыстық заңда үкім шығару кезінде ауыр науқастығына байланысты жазаны орындауды кейінге қалдыру не жазадан аурулығына байланысты жазадан босату мәселесін енгізу ізгілік қағидасын құқықтық меслекетте орнатудың негіздері болары сөзсіз. 

Элизавета Атчибаева  

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі

ауданаралық сотының судьясы                                                      

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.