Заңсыз тасымалымен айналысқаны
Тасқала аудандық сотымен жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарламай такси тасымалымен айналысқаны үшін аз М. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Такси жүргізушісінің жұмысы жергілікті атқарушы органды хабарландырудан басталады.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17 бабы 1, 2 бөлігінің негізінде, жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы немесе осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті.
Жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
Осыған орай, такси тасымалдаушысы қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда кінәлілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 1-бөлігі 463-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Кінәлі деп танылғандарға 15 АЕК мөлшерінде, яғни 55 380 теңге айыппұл салынады. Заңсыз кәсiпкерлiк қызметi үшiн алынған кiрiстер тәркіленген жағдайда, табыс мемлекет пайдасына тәркіленеді.
Бұл жағдайда аз.М Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 1-бөлігі 463-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, санкция шеңберінде жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]