Сот отырыстарын бейнеконференс байланыс арқылы және «TrueConf» мобильдік бағдарламасы арқылы өткізу ерекшелігі, сот отырысының хатшысымен жүзеге асырылатын дайындық шаралары
Сот процестерін «виртуалды» өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ұялы бейнебайланыстың артықшылықтарының бірі - ұтқырлық. Оны саяхат кезінде, кеңседе, үйде де пайдалануға болады. Смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат та бейнебайланыс құралы бола алады. Тек арнайы бағдарлама жүктеу қажет. Мәселен, бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болады.
Осылайша, «SmartСот» процесс қатысушысының қатысуынсыз-ақ, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жолымен сот талқылауын қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Процеске қатысушылардың келмеуіне байланысты істерді қарау мерзімдерін қысқарту қашықтан байланысу құралын қолдану есебінен сот төрелігінің тиімділігін және қолжетмділігін арттырады.
Осының арқасында сот ұжымымен сот ісін жүргізуде TrueConf ұялы бейнебайланыс қосымшасын қолдану уақыт пен қаражатты елеулі үнемдеу, істерді жедел қарауға қол жеткізуге және виртуальды сот процестері аумақтық кедергілерді жояға, уақытты және материалдық ресурсты үнемдеуге, іс бойынша тараптардың қолайы қолжетімдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне көздері жетті.
Ақмола гарнизоны әскери сотының
бас маманы Р.Махиина
[xfvalue_img]
4 пікір