Сот  актлерін орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот актлерін орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұл конституциялық норма өзінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну құқығы ғана емес, сонымен қатар борышкер сот шешімімен белгіленген өз міндеттерін ерікті түрде орындамаған жағдайда сот шешімін орындауды талап ету құқығын да қамтамасыз етеді.

Осыған ұқсас норма Қазақстан Республикасы Конституциясының 76- бабының 3-бөлігінде де көрсетілген: соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Әрбір орындалмаған сот актісі сот төрелігінің салтанат құруына бүкіл сот жүйесінің тиімділігіне күмән тудырады, ал сот шешімдерінің орындалмауы сот жүйесінің жұмысының сапасына кері әсерін тигізеді.

Сот актісін және судьяның талаптарын орындалмағаны үшін борышкер және сотталған адам әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бірақ сот актілерін міндетті түрде орындау және оларды орындалмағаны үшін жауапкершілік туралы жоғарыда аталған Конституциялық нормаларға қарамастан, көптеген сот шешімдері мен үкімдері жылдар бойы орындалмай келеді.

Іс жүзінде сот орындаушылар борышкерді сол немесе басқа сот актісін орындауға мәжбүрлеу үшін заңда көзделген ықпал етудің барлық тетіктерін толық пайдаланбайды, бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары да оларға қолдау көрсетпейді, мысалы ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабына сәйкес сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

ҚР ҚК-нің 430-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау – сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот шешімін орындамаған үшін жауапкершілік туралы мәселені қараған кезде әрбір сот шешімі бойынша бір атқару құжаты беріледі. Егер атқару әртүрлi орындарда жүргiзiлуге тиіс болса не егер шешiм бiрнеше талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шығарылса, сот өндiрiп алушылардың өтiнiшi бойынша атқару орнын не осы атқару құжаты бойынша орындалуға тиiс шешiмнiң сол бөлiгiн дәл көрсете отырып, бiрнеше атқару құжатын жазып береді.

Осы атқарушылық құжат бойынша орындалуға жататын шешім туралы Заң дереу орындалуға жататын шешімдердің тізбесін анықтайды.

Сот орындаушылары атқару құжаттарын алған кезде сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз етуге бағытталған Заңда көзделген шараларды дереу қабылдайды.

Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Әрбір нақты іс бойынша сот актісін орындалуға тиіс және орындалуы мүмкін сәтті анықтау маңызды. Бұл мәжбүрлеу тетігін қолдану мүмкін болатын кезеңнің басталуымен байланысты болады. Егер өндіріп алушы атқару құжатын орындауға ұсыну үшін заңмен белгіленген мерзімді өткізіп алса және осы мерзім ұзартылмаса, тұлға сот актісінің орындалмағаны үшін жауапқа тартылуға тиіс емес.

Сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау деп борышкердің сот актісін орындауға шаралар қабылданбауы, өндіріп алу жүргізілуі мүмкін жалақыны және басқа да мүлікті жасырып қалуды, жұмыс орны туралы, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін кірістер туралы ақпарат бермеуді, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауды, сондай-ақ ақшалай қаражат пен мүлікті басқа да мақсаттарға пайдалануға байланысты өзге де іс-қимылдарды санауға болады.

Борышкер сот актілерін және атқарушы құжаттарды орындаудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алушы тиісті органдардың алдына кінәлі адамдарды әкімшілік немесе әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту жөнінде мәселе қоюға құқылы. Борышкердің сот актісін немесе атқарушылық құжатты белгілі бір бөлігінде немесе толық көлемінде орындауына нақты мүмкіндігінің болмауы адамды әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығарады. 

Қазақстан Республикасы

Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің

ұйымдастыру-талдау бөлімінің

бас маманы

Салимжан Асель Салимжановна

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.