Сот залынан қамауға алынды

Сот залынан қамауға алынды

Бөкей ордасы ауданы көлемінде масаң күйде көлік жүргізуші азаматтар арасында көптеп орын алуда. 2023 жылдың 11 айы ішінде ҚР ҚК-тің 346 бабының 1 бөлігімен, Сайқын ауылының тұрғыны Е.А-ға қатысты, қылмыстық іс қаралды. Сотталушы осыдан бұрын 19.06.2019 жылы Бөкей ордасы аудандық сотының үкімімен ҚК-тің 346 бабының 1 бөлігімен 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру мен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасымен сотталған, алайда  20.05.2020 жылғы Бөкей ордасы аудандық сотының үкімімен ҚК-тің 346 бабының 1 бөлігімен өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру мен 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасымен қайта сотталған, 2023 жылы қайтадан ҚК-тің 346 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық іс сотта қаралды.

Сотталушы Е.А. 2023 жылдың қыркүйек айының 10 күні сағат 16.00 шамасында, ресми түрде еш жерде тіркеуде жоқ, «L169BXM» деген көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігімен, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округімен Мәмбет ауылына қатынайтын ауыл аралық жайын жол бойымен көлікті жүргізіп, қасақана қылмыс жасаған. Бірнеше рет сотталғанына қарамастан мас күйде көлікті жүргізгені үшін, ҚК-тің 346 бабының 1 кінәлі деп танылды, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырып, алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соталушы Е.А.-ті сот залынан қамауға алып, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленді.

Айта кету керек, 2023 жылдың 11 айында мас күйде көлік құралын жүргізу барысында екі қылмыстық іс қаралып аяқталған. 1-қылмыстық іс бойынша Бөкей ордасы ауданының тұрғыны К.А.-ға қатысты өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу  жазасы тағайындалған.

Спирттік ішімдік ішіп, көлікке отыру үлкен қателікке орын алдыратынын естен шығармай, әр азамат өз өміріне балта шабудан аулақ болса деген ой келеді.

Зияш Зайнуллина 

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы

сот әкімшісінің басшысы                                     

        

      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.