Мемлекеттік тіл - қазақ тілі
Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің басшысы Зияш Зайнуллинаның басшылығымен, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» тақырыбына мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Кездесу барысында аудандық соттың аға сот приставы Нұржанар Төлегенова баяндама жасады.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында тіл мәселесі көтерілгені бәрімізге аян. Аталған жолдауда Мемлекет басшысы «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», - деді.
«Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесін беруде. Сот саласында мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында біршама жұмыстар атқпрылып келеді. Кеңсе құжаттары, қатынас қағаздары, нұсқау, өкім сияқты құжаттар мемлекеттік тілде атқарылады», - деп, мемлекеттік тілге қай салада болмасын баса назар аударылуы қажет екендігін тілге тиек етті.
«Қазақ тілі әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал, тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші ретінде де саналады», - деп, Сот әкімшісінің басшысы Зияш Зайнуллина «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» әрдайым биікте болсын!»,- деп өз сөзін қорытындылады.
Бауыржан Ману
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы сот
әкімшісінің бас маманы
[xfvalue_img]
10 пікір