Мемлекеттік тілді қолдану талаптары талқыланды

Мемлекеттік тілді қолдану талаптары талқыланды

Ақжайық  аудандық сотында сот  мамандарының қатысуымен мемлекеттік тілді қолдану, дамыту тақырыбында  семинар өтті. Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді қолдану тәртіптерін дұрыс орындау мәселелерін талқылау. Сот әкімшісінің басшысы А. Нұрым  ұлттық қазынамыздың құндылығын, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолдану және дамыту тәртібімен, іс жүргізу бойынша құжаттарды дайындау, шығыс және ішкі құжат айналымда қазақ тілін сапалы, сауатты пайдалану тәртіптерін дұрыс қолдануды атап,  тілді құрметтеумен, мәртебесін көтеру мақсаттарында айтып өтті. Сонымен қатар сот актілері мемлекеттік тілде қабылданатындықтан қоғамда атқаратын ролінің маңыздылығын, сондықтан мемлекеттік тілді тиісті дәрежеде қолдану, ерекшеліктерін сақтап жетілдіру жұмысын атқару әр қызметшінің міндеті екенін және заң талаптарын орындау қажеттігін ескеріп жеткізді. Шара соңында қатысушылар тілге қатысты мәселелер бойынша пікір алмасып, мемлекеттік тілді қолдану тәртібі орындауға алынды.

Батыс Қазақстан облысы 

Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.