Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру: мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу; мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы; отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету; мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі; сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу; инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді.
Аталған қағидаттардың сақталуы мемлекеттік бюджеттің дұрыс қалыптасуына және қаржы жаратылымын орынды болуының негізі. Мемлекеттік органдар құрылымдарының жұмыс жасауы тікелей мемлекеттік сатып алумен ұштасқан. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар өзінің қажеттілігін, атап айтқанда материалдық және техникалық құрал-саймандарды, қызметтерді сатып алғанда мемлекетке төленетін салық негізінде жұмсалатын қаражат болғандықтан өздерінің жұмыстарына тиянақты болып, қағидаттарды ұстана отырып, жұмыс жасауға міндетті. Кез келген жауапты мемлекеттік қызметші өзінің жұмысын дұрыс қалыптастыру үшін әрдайым жоғарыда көрсетілген қағидаттарды есте сақтауы керек.
Мемлекет қажетті мемлекеттік сатып алу жүргізгенде қажетті қаражаттың көлемін дұрыс анықтай білу керек және әрқашан өзінің жауаптылығын сезіну қажет.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда қағидаттарды қатаң сақтау мемлекеттік қызметшінің басты парызы.
Б.С.Серікбаев
Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің
соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы
[xfvalue_img]