Тіл – ұлттың аса игі игілігі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.
Тіл –тәуелсіздіктің тірегі, өйткені әр елдің, әр халықтың өз тарихы мен мәдениеті және тілі бар, оны құрметтеу - сол елдің азаматтарының міндеті.
Мемлекетіміз әркімнің өз тілдерін үйренуіне толық жағдай жасап отыр. Қазақстанда тұрып жатырған әр ұлт өкілдері өз тілінде сөйлеуге толық құқылы.
Десекте те, қазіргі уақыт көші Ата Заңға адалдықты, мемлекеттік тілге қамқор болуды талап етеді. Мемлекеттік тілді сақтау, дамыту, оны қолданысқа енгізу заңдылықтары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында нақты белгіленген. Қазіргі танда мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін көптеген іс-шаралар атқарылып, түрлі бағдарламалар іске асуда. Осы орайда Казталов аудандық сотында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында арнайы жоспар құрылған. Сот қызметкерлерінің тілді оқып-үйренуіне, білімін шыңдауы бойынша үгіт-насихат жұмыстары, семинар сабақтары өткізіледі. Іс-қағаздарын толық қазақ тілінде жүргізуіне қатаң талап қойылған. Сот ісін жүргізу тілі сотқа арыз берілген тілге байланысты. Әлбетте, сотқа қай тілде жүгіну, заңға сай азаматтардың өз құқығы, дегенмен мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Өзіміз қазақ болып, Қазақстанда тұрып мемлекеттік тілді жөнді білмесек, айтып, жаза алмасақ онда кім болғанымыз?! Сондықтан да орысша оқыдық, бізге ана тілден гөрі сол тіл оңай дейтін жастарды намысқа тырысып, қазақ тілін меңгеруге шақыру қажет.
БҚО, Казталов аудандық соты
Әкімшісінің басшысы
Қаженов Руслан Сайфетдинұлы
[xfvalue_img]
4 пікір